Атырау облысының экс-әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Атырау облысының экс-әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің бас директорының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Махамбет Досмұхамбетов бас директордың өндіріс мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды» делінген компания хабарламасында.