Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін жабуы мүмкін
Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігі мекемесін жабуы мүмкін
324
оқылды
 Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабуды жоспарлап отыр. Үкімет қаулысының бұл жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Бұл мекеме бүгінге дейін Сауда және интеграция министрлігіне қарасты ұйым ретінде жұмыс істеп келген.
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің" Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын",– делінген құжатта.
Қаулыны қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.