Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан

Алматыда балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан
Фото: astanatv.kz

Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі ұл баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды astanatv.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желіде бүлдіршіннің анасы мәлімдеді. Ол дәлел ретінде бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазбаны ұсынған.

Онда шамамен 5-6 жастағы ұлды тәрбиешінің төсекке күштеп жатқызғаны, онан кейін жұлқылап басқа бөлмеге алып кеткені көрінеді.  Бейнежазбадан баланың қатты жылап жатқанын анық естуге болады.

Ұл баланың анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен әлеуметтік желіге жария еттім дейді.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.