1 жылда еліміздегі халық саны 261 845 адамға өскен
1 жылда еліміздегі халық саны 261 845 адамға өскен
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды. «Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946. 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен», – делінген хабарламада.