Авиациялық хабты дамыту маңызды
Авиациялық хабты дамыту маңызды
292
оқылды
Мемлекет басшысы SCAT әуе компа­ния­сының президенті Владимир Денисовті қабылдады. Президентке әуе компаниясының былтыр атқарған жұмыстарының негізгі нәтижелері, сон­дай-ақ алдағы кезеңге арналған даму жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына 2030 жылға дейін ком­панияның әуе кемелері паркі мен бағыт желілерін кеңейту жөнінде мәлімет берілді. Бұдан бөлек, Президентке Шымкент әуе­жайын­дағы аэровокзал кешені құрылысының барысы және авиациялық хабты дамыту шаралары туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев SCAT әуе компания­сының қызметіне оң баға беріп, оның даму стра­тегиясын қолдады. Мемлекет басшысы Шымкенттегі авиациялық хабтың құрылысын аяқтаудың, авиациялық та­сымалдау саласының өңірдегі бәсекеге қабі­леттілігін қамтамасыз етудің және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды­лы­ғына назар аударды.