103 келі есірткі тәркіленді
103 келі есірткі тәркіленді
284
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­теті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткі кіргізудің және сату­дың тұрақты арнасын ұйым­дастырған қылмыстық топ­тың жолын кесті. Құрыққа түскендер әлеу­мет­тік желілер мен мессенджерлер ар­қылы «Мефедрон» және «аль­фа-PVP» саудалаған. Сатып алу­шы­лар есірткіні жасырын орын­дардың координаттары арқылы бетпе-бет кездесусіз алып отыр­ған. Қылмыстық топ өлімге әке­летін тауарды Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында таратуды көздеген. Жинақталған бұлтартпас ай­ғақтардың нәтижесінде Шым­кент және Қонаев қала­ларында есірткі синдикатының ұйымдас­тырушысы мен үш кө­мек­шісі ұсталды. Тінту бары­сында заңсыз айналымнан 103 келі синте­тикалық есірткі алынды.