Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткі кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті. Құрыққа түскендер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Мефедрон» және «альфа-PVP» саудалаған. Сатып алушылар есірткіні жасырын орындардың координаттары арқылы бетпе-бет кездесусіз алып отырған. Қылмыстық топ өлімге әкелетін тауарды Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында таратуды көздеген. Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды. Тінту барысында заңсыз айналымнан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.