АЭС қайда салынады?
АЭС қайда салынады?
744
оқылды
Атом электр стансасын салатын Алматы облысындағы аудандардың бірін таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарыла­ды. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасақталды.
«Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыс жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», – деді Болат Ақшолақов.