Атом электр стансасын салатын Алматы облысындағы аудандардың бірін таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасақталды.
«Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыс жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», – деді Болат Ақшолақов.