Жылу желілері тексеріледі
Жылу желілері тексеріледі
331
оқылды
Премьер-Министрдің бірінші орын­басары Роман Скляр Энер­гетика минис­трлігіне жылу электр ор­талықтары мен жылу желі­леріне аудит жүргізуді 1 сә­уірге дейін аяқ­тауды тап­сырды.
«Энергетика саласындағы маңызды міндет­тердің бірі – жылумен жабдықтау мәселесі. Жылу электр орталықтарының тозуынан Екібастұз, Риддер және Рудный қалаларында не болғанын білесіздер. Проблема әлі де біраз қалада бар және ол жылдар бойы жинақталған. Жылу электр орта­лықтарының тозуы 60 пайызға жетсе, ал жылу же­лі­­лерінің 70 пайызы тозған. Өкінішке қарай, әкім­дердің барлығы бірдей жағдайдан ха­бары бол­мады, әрекет жаса­ма­ды. Яғни, Үкіметке уақытында дабыл қақпады, соңы немен аяқталғаны баршаға аян», – деді Роман Скляр.
[caption id="attachment_238689" align="aligncenter" width="1436"]жылу © коллаж: Елдар Қаба[/caption] Үкімет басшысы орын­басарының айтуынша, Энер­гетика министрлігі биыл 1 сә­уірге дейін бар­лық жылу электр орталықтары мен жылу желі­лерінің аудитін аяқтауы керек.
«Нысандардың техникалық жағдайын қайта қарап, қайсысы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететінін көрсетуі керек. Аудит қорытындысы мен одан әрі іс-қимылды энергетикалық кеңес­тің отырысында қарастырамыз. Тозу проблемаларын шешумен қатар, жаңа жылу электр орта­лықтарын салумен айналысамыз. Биыл Астанада ЖЭО-3 құры­лысын аяқтау және алматылық екі ЖЭО-ны газға ауыстыру ісі маңызды. Сондай-ақ Қызыл­орда, Көкшетау және Семей қа­ла­ларында ЖЭО салу бойын­ша инвесторлармен тиісті жұмыс жүргізу қажет», – дейді ол.