Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Фото: pavlodarnews.kz
505
оқылды
2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адамға жетті. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды. Оның ішінде, қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам. Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен. Көшіп-қонғандар саны – -6 946. 2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға өскен.