Шымкентте қылмыстық топтан жапа шеккен ер адам кек алу үшін төбелесіп, атыспақ болған
Шымкентте қылмыстық топтан жапа шеккен ер адам кек алу үшін төбелесіп, атыспақ болған
Фото: Рolisia.kz
2,155
оқылды
Шымкентте  ҰҚҚ КБ қылмыстық топтар арасындағы қарулы төбелестің алдын алды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Биыл қаңтарда бір топ адам жергілікті тұрғынды ұрлап, қала сыртына апарып ұрып-соққан. Пневматикалық қарумен жаралаған. Ер адам заңды түрде полициядан араша сұраудың орнына, күдіктілерден кек алу мақсатында өзінің таныстарын қаруландырған. Қару-жарақ алған. Прокуратураның араласуымен жедел іздестіру нәтижесінде, Шымкент қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірнеше мекенжайда күдіктілерді ұстады.    width= Нәтижесінде, полицияға 25-38 жас аралығындағы 10 адам жеткізілді. Олардың үшеуі сот шешімімен қамалды. Екеуі үйқамақта отыр. Қалғандарының рөлі сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.
Олардан заттай айғақ заттар: Макаров және ТТ тапаншалары, 4 травматикалық тапанша, АК-103 автоматы, 12 калибрлі МЦ 21-12 өздігінен оқталатын мылтығы  және 410 калибрлі  өздігінен оқталатын Сайга-410 карабині, 16 калибрлі қосауызды тегіс ұңғылы ТОЗ мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 93 оқ-дәрі тәркіленді.
Осы дерекке қатысты Шымкент қаласы ПД-ның тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.