Алматыда бүгін сағат 08.30-да екі автобус соқтығысты. Жол апаты әл-Фараби даңғылында Жароков көшесіне таяу маңда болды. Бұл туралы Aikyn.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Полицияның мәліметінше, 31-бағыттағы Yutong маркалы қоғамдық көліктің жүргізушісі батысқа қарай келе жатып, арақашықтықты сақтамай аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ маркалы автобуспен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам жарақат алды. Жол апатының себебін Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері анықтайды. Бұған дейін Алматыда Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында екі автобус соқтығысып, бір жолаушы қаза тапқан еді.