10 мың қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды
10 мың қазақстандық шетелден алып келген көлігін заңдастырды
Фото: polisia.kz
378
оқылды
Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Көкшетау тұрғыны 10 мыңыншы болып көлігіне жаңа нөмір алды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алды. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Өтінім беру:
  • eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО арқылы жүзеге асады.
Ескерер жайт, автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс. Іздеуде, яғни қылмыстық есепте болмауы керек. Өзге мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек.