Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Көкшетау тұрғыны 10 мыңыншы болып көлігіне жаңа нөмір алды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 31 жастағы Азамат Еслямбеков Honda Odyssey маркалы автокөлікті Армениядан алып келген. Көлігін заңдастырып, қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір алды. Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Өтінім беру:
- eGov.kz үкімет порталы арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
- ХҚКО арқылы жүзеге асады.