Қызылордада көктайғақ салдарынан екі автобус соқтығысты
Қызылордада көктайғақ салдарынан екі автобус соқтығысты
631
оқылды
Қызылорда облысында ауа райының қолайсыздығынан жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ақпан айының 1-інен 2-сіне қараған түні толассыз жауған жауынның салдарынан жолдарда мұз қатып, көлік тұрмақ, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қауіп туғызып тұр. Қар аралас  жаңбыр жауып, тұман түсуі салдарынан, жолда көру мүмкіндігі де қиындық туғызуда. Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті осылай деп дабыл қақты. Төтенше жағдайға орай, «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облыстық филиалы 2 ақпаннан республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1 357-1 806 шақырым аралығында көлік жүруіне шектеу қойылғанын мәлімлеп отыр. Яғни, Арал ауданы мен Қызылорда қаласы аралығында көлік қатынасына тыйым салынғанын ескертті.    width= Бүгін көктайғақ салдарынан Қызылорда қаласында қалаішілік бағытта қатынайтын екі жолаушылар автобусы соқтығысқаны мәлім болды. Әзірге көлік апатынан зардап шеккендер жайында нақты мәлімет жоқ. Қазір  қала көшелерін мұздан тазалап жатыр. Мұздан тазалауға ШЖҚ «Қызылорда тазалығы» МКК мекемесі тарапынан 26 техника мен 250 жұмысшы жұмылдырылып, тұз аралас құм себілуде.