Арқалықта балконнан құлаған қызды қағып алған сақшыға пәтер берілді
Арқалықта балконнан құлаған қызды қағып алған сақшыға пәтер берілді
Фото: polisia.kz
Арқалықта бесінші қабаттың балконынан құлаған қызды құтқарған полицейге пәтер берілді, – деп хабарлады polisia.kz. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, патрульдік полицей Алмат Әмірханға Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қызметтік тұрғын үйдің кілтін табыстаған. Бұған дейін полиция қызметкері туыстарымен бірге тұрып келген. Еске сала кетсек, 7 қаңтарда қоршауға ілініп тұрған қыз туралы куәгерлер қалалық ЖБО-ға таңғы сағат 05.30-да хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барып, жағдайды бағалап, қызды құтқару үшін барлық шараларды қабылдады.
 Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмірі тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне байланысты болады. Осындай ерлік әрекеті үшін Алмат Әмірханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды, – деп атап өтті Арқалық қаласының әкімі.
«Енді отбасын құру туралы ойлануға болады», – деп атап өтті тәртіп сақшысы. Әзірге полиция қызметкері ем қабылдап жатыр. Құтқару кезінде ол аяғынан жарақат алған болатын.