Қызылорда облысында оқушылар қашықтан оқиды
Қызылорда облысында оқушылар қашықтан оқиды
540
оқылды
Қызылордада толассыз жауған жаңбырдың салдарынан жолдарға мұз сіресіп, тұрғындардың жүріп-тұруына қауіп туғызып тұр. Соған орай ертең, яғни, 3 ақпан күні 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды. Қызылорда облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облысқа қарасты Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласында сабақ уақытша қашықтан оқыту жүйесіне көшірілді. «Айта кетейік, облыстық интернаттарда сабақ процесі қалыпты жағдайда жүргізіледі. Ал жеке мектептердегі оқу форматы мектеп құрылтайшыларының шешіміне сәйкес іске асырылады. Жалпы 03 ақпан күні Жаңақорған мен Шиелі аудандарын қоспағанда 208 мектептегі 140 033 оқушы  қашықтан оқитын болады», - деп мәлімдеді бұл жөнінде  Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаласов. Естеріңізге сала кетсек, 2 ақпанда толассыз жауған жауынның салдарынан Қызылордада көктайғақ болып, жол қатынасы шектелген болатын.  Соған орай көшелерді мұздан тазалау жұмыстары жүргізілуде.