Павлодарда Нұрлан Мәсімовтің ісі қылмыстық сотқа қайтарылды
Павлодарда Нұрлан Мәсімовтің ісі қылмыстық сотқа қайтарылды
473
оқылды
Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар мамандандырылған қылмыстық сотына қайтарылды. Мұндай шешімді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Алқа қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы үкімнің күшін жойып, істі қарау үшін Қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді», – деді облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 2022 жылғы қаңтарда Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция бастығы қызметінен босатылды. Ол департаментті 2019 жылғы қарашадан бастап басқарды. Былтыр сәуірде Нұрлан Мәсімовтің іздеуде екені белгілі болды. Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның орналасқан жері туралы ақпарат үшін сыйақы жариялады. Шілдеде Мәсімов Ресеймен шекарада жалған құжаттармен ұсталды.