Жаркент маңында жол апатынан әйел адам қаза тапты
Жаркент маңында жол апатынан әйел адам қаза тапты
1,096
оқылды
Жетісу облысы Панфилов ауданында жол-көлік апатынан әйел адам қаза болды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Алматы-Қорғас тасжолының 337-шақырымында болған.
«29 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, соның салдарынан Lada автокөлігі аударылып кеткен. Жол апатынан 26 жастағы жолаушы әйел қайтыс болды. Зардап шеккен жүргізуші әйел мен екі жасар бала аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде жол апатының себебі анықталып жатыр. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды.