Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды
Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 оқушы қыз жалдамалы пәтерден табылды
Фото: polisia.kz
5,810
оқылды
Түркістан облысында жоғалып кеткен 2 жасөспірім табылды, – деп хабарлады Polisia.kz. Түркістан қаласының Полиция басқармасына жалғызбасты аналар хабарласып, көмек сұраған. Олардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтарда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздарды табу үшін полицейлер іздестіру жұмыстарын жүргізді. Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақүйлер тексерілді.
Тәртіп сақшылары жасөспірімдерді 3 тәулік бойы іздеді. Олар облыс орталығындағы 1-шағынаудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Осылайша, оқушы қыздар отбасына қайтарылды.
Полиция 2 жасөспірімнің пәтерді жалға алғанын, 3 күн сонда тұрғанын анықтады. Бүгінде оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.