Астанада журналист Махамбет Әбжанға сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Halyq Uni. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Айта кетейік, бұған дейін прокурор журналист Махамбет Әбжанды 11 жылға соттауды сұраған болатын.