Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи коронавирус жұқтырғаны анықталды, – деп ИРНА агенттігіне сілтеме жасаған 24.kz. «Коронавирус жұқтырғанымды хабарлағым келеді. Кешеден бері қызуым көтерілді, алғашқы сараптама коронавирус бар екенін көрсетті», – деді Харирчи. Ол емделуді бастағанын және қызуының түсіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 15-ке жетіп, тағы 35 індет жұқтырған адам тіркелгенін ресми хабарлады.