Қазақ киносы – Африка төрінде
Қазақ киносы – Африка төрінде
584
оқылды
Камерун астанасы Яундеде YARHA халықаралық кинофес­ти­валі өтті. Іс-шара аясында қа­зақ киносының арнайы көр­сетілімі ұйымдастырылды. Ұлттық киноны мемлекеттік қол­­дау орталығының көмегімен тү­­сірілген «Нартай» фильмі фес­ти­ва­льдің негізгі конкурстық бағ­дар­ла­масына қатысып, төрт жүлдеге ие болды. Сондай-ақ үздік көркем­фи­льм атанды. Оған қоса, фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді.
«Қазақстан түсірген көркем фи­льм­ді алғаш рет көрдім. Бұған дейін тек деректі фильмдерді тамаша­ла­ғанмын. Кино маманы басқа елден кел­ген кәсіпқойдың жұмысын көр­ген­де, ең алдымен кино тілін тү­сіну­ге тырысады. Бұл фильмде ол ерек­ше, керемет. Аталған фильм­дер­ді көргенде кино тілінде жеткі­зіл­ген белгілі бір оқиғаны көреміз жә­не мені баурап алғаны сол», – дей­ді шара қонақтарының бірі, ре­жиссер, Канн кинофестивалінің қа­тысушысы Мусса Туре.
Африкалық көрермен қазақ ки­носының деңгейін жоғары баға­ла­ды, ал индустрия мамандары серік­тес­тік орнатуды ұсынды.
– YARHA фестивалімен серік­тес­тік келесі жылы да жалғасады деп үміттенемін. Бұл Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қо­сатынына сенімдімін. Мәдени дип­ломатия жалғасуы керек. Біз қа­зақстандық картиналардың Ма­ро­кко, Тунис, Сенегал және Конго ел­дерінде көрсетілгенін қалаймыз, – деп атап өтті Франциядағы қазақ­стандық кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.
Камерундағы отандық фи­льм­дердің көрсетілімін Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығы ұйымдастырды.

Айбике ЖАНАСЫЛ