«Бозоқ» ұлттық саябағы жаңғырады

«Бозоқ» ұлттық саябағы жаңғырады

Сенаттың әлеуметтік-мә­дени даму және ғылым коми­тетінің депутаттары Ақмола об­лысындағы «Бозоқ» ұлттық сая­бағы аумағындағы құры­лыс жұмысының барысымен танысты. Адамгершілік құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны сақтау және ілгерілету – Сенат депутаттарының жұ­мысындағы басымдықтың бірі. Осы орайда комитет төрағасы Нұр­төре Жүсіп ұлтымыздың мәдени және тарихи мұрасы мемлекет да­муының маңызды құрамдас бөлігі еке­нін, ал көне «Бозоқ» қалашығы сияқ­ты нысандар дала өркениеті мә­дениетінің қалыптасу және даму тарихын көрсететінін атап өтті. Ғалымдар кездесу барысында кө­не Бозоқ қалашығын жаңғырту жә­не хронологиялық 5 тарихи ке­зең­ді бейнелейтін археология ес­керт­кіштерінің түпнұсқалығын сақ­тай отырып, Ботай, сақтар, ғұн­дар мен түріктердің тарихи ке­шен­дерін қалпына келтіру – жобаны іске асырудың негізгі мақсаты еке­нін атап өтті. Ұлттық саябақ жұмыс іс­теп тұрған кезінде ежелгі қоныс­тарда материалдық емес мәдени мұра бөліктері негізінде мәдени-бі­лім беру іс-шараларын өткізу жос­пар­ланып отыр. Сенаторлар өз кезегінде «Бозоқ» ұлт­тық саябағы еліміздің туристік кар­тасындағы тартымды орынмен қатар, ғылыми-шығармашылық жо­баларды жүзеге асырудағы маңыз­ды алаңға айналуы тиіс екенін айтты.

А.ЖОЛДАС