Көңілім алып-ұшып тұр – актер қызын ұзатып жатыр
Көңілім алып-ұшып тұр – актер қызын ұзатып жатыр
2,110
оқылды
Халық арасында “Шаншар” театрындағы “Қошан”, “Тука” секілді образдарымен танылған Нұржан Төлендиев Қорлан есімді қызын ұзатқалы жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
“Ассалаумағалейкум, қазағым! Менің бүгін көңілім алып-ұшып тұр. Себебі хор қызым Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісіп келген достарым! Сіздерге үлкен рақмет”, – деп жиыннан естелік сурет жариялады.
Желі қолданушылары әзілкештің мақтауын асырып, тілектес екендерін жеткізді.
“Бағы жансын Хорқыздың. "ТукадайТукадай" атасы бар жігіттің арманы жоқ шығар”, “Барған жерде бағы ашылсын!”, “ Өрісіңіздің кеңейгені құтты болсын, Нұржан аға!”, “Жастар бақытты болсын”, – деп жылы лебіздерін білдірді желідегілер.