Ақтөбеде ер адам зейнеткерді тонап кеткен

Ақтөбеде ер адам зейнеткерді тонап кеткен

Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерге шабуыл жасады. 

Полицияның мәліметінше, 1 ақпан күні белгісіз ер адам 68 жастағы зейнеткерді итеріп жіберіп, сөмкесінің ішінен банк карталарын, құжаттар мен 50 000 теңгесін ұрлап кеткен.

Жедел іс-шаралар барысында кінәсін мойындаған 28 жастағы күдікті ұсталғаны хабарланды. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Қылмыстық кодекстің 191-бабының 1-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.