Ақтауда бір уақытта 3 адамды тонап кеткен жігіт ұсталды
Ақтауда бір уақытта 3 адамды тонап кеткен жігіт ұсталды
470
оқылды
Ақтауда 18 жастағы жігіт бір уақытта 3 адамды тонап кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Күдікті 26 қаңтарда сағат 18:10 шамасында 7-шағын аудандағы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, сатушыдан ақша талап еткен. Одан соң екі азаматшаның қол сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен» делінген баспасөз мәліметінде.
Аталған дерек Ақтау қаласы Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.