Аяқкиімнің ізі арқылы тапқан – Ақмола облысында электр құралдарын ұрлаған күдікті ұсталды
Аяқкиімнің ізі арқылы тапқан – Ақмола облысында электр құралдарын ұрлаған күдікті ұсталды
Ақмола полицейлері ұрлыққа қатысы бар күдіктіні аяқкиімнің ізі арқылы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 1 ақпанда Атбасар ауданының Полиция бөліміне ЖШС директорынан 25-31 қаңтар аралығында Сепе ауылындағы қоймада пластикалық терезені бұзып кіру арқылы электр құралдары, оның ішінде алмаз бұрғылау станогы және бетонға арналған вибратор ұрланғаны туралы арызы түскен. Өтініш беруші бұл құралдарды ЖШС қызметкерлері тұрғын үйді жөндеу кезінде қолданатынын айтқан. Кезекті тексеру барысында заттардың жоғалғанын анықтаған агрофирма директоры полицияға жүгінген. Залал сомасы 250 мың теңгеден асты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталған. Ол бұрын істі болмаған 24 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болған. Түнде күдікті қоймаға кіріп, электр құралдарын шығарып, кейінірек алып кетемін деген үмітпен оларды қараусыз қалған сарай ғимаратына жасырған. Ұрлық жасағаннан кейін ер адам танысына барған. Ауылдың шетіндегі қоймадан ауыл тұрғындарының бірінің үйіне апарған аяқкиімнің ізі арқылы полицейлер күдіктіні анықтаған. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.