LRT-ның нақты іске қосылатын уақыты белгілі болды
LRT-ның нақты іске қосылатын уақыты белгілі болды
511
оқылды
2024 жылдың соңына дейін LRT іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Қала әкімі "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында қазір жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ ол LRT-де жүретін болашақ пойыздарға аванстық төлемдер жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
"Сосын техника, LRT-мен жүретін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жасалып жатыр. 2023-2024 жылдары жоба іске асырылады. Ал келесі жылдың аяғына дейін іске қосылуы қажет", – дейді әкім.
Оның айтуынша, жоба құрылысы былтыр басталып кеткен.
"Алғашқы қаржыны Үкімет былтыр берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізілмек", – деді әкім.