Астаналық оқушы түнгі сағат үште мектепке барған
Астаналық оқушы түнгі сағат үште мектепке барған
3,843
оқылды
Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды. Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07:00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.
"3 ақпанда сағат 3:26-да "102" арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03:00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07:00-ді көрсеткен", – деді елордалық ПД өкілі.
Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.