Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
1,756
оқылды
Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Қазгидромет. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде тау асуларында оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шымкентте түнде тұман түседі. Түркістанда да түнде тұман күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада да тұман болады. Қарағанды облысының оңтүстігінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.