Елордада түнгі үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды
Елордада түнгі үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды
2,400
оқылды
Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полицияның мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07:00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.
«3 ақпанда сағат 3:26-да «102» арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07:00-ді көрсеткен», – деді елордалық ПД өкілі.
Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.