Ауа райының нашарлауына байланысты Екатеринбург-Алматы жолы жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Екатеринбург-Алматы жолы жабылды
2,604
оқылды
 Ауа райының күрт төмендеуіне байланысты Екатеринбург-РФ шекарасы-Алматы жолы жабылды, – деп хабарлайды  Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі. «Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалы ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 5 ақпан, сағат 20:00-дан бастап республикалық маңызы бар «Екатеринбург-РФ шекарасы-Алматы» автожолы (2381 км Акши ауылы - 2294 км Қаншеңгел ауылы) жабылғанын хабарлады.
«Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды», – деп ескертті ТЖД.
Ведомствода сондай-ақ дауыл ескертулері мен өзге де шұғыл ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасынан алуға болатынын хабарлады.