Салауат Мүксімов жаңа қызметке тағайындалды
Салауат Мүксімов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
435
оқылды
Мемлекет басшысының өкімімен Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Салауат Мүксімов 1980 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» профилі бойынша PhD докторы. Еңбек жолын 2001 жылдан бастаған. 2001-2005 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы; 2005-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратында қызмет атқарған; 2013-2014 жылдары – «Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ-нің басшысы; 2015-2016 жылдары аралығында – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде түрлі лауазымды қызмет атқарған; 2016 жылдың қыркүйегінен бастап 2018 жылдың мамырына дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры. 2018 жылдың мамыр айында – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы болды. 2020 жылдың ақпан – 2021 жылғы мамыр айлары – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау департаменті директоры болған. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.