Қазақтар 107 млн доллардың шайын ішті
Қазақтар 107 млн доллардың шайын ішті
Фото интернеттен алынды
326
оқылды
Шай – көптеген халықтың дәстүрлі сусыны. Біздің елдің тұрғындары да шайқұмарлар қатарында. Қазақстан аталған өнімді тұтыну көрсеткіші жөнінен әлем бойынша алғашқы он­дыққа кіреді. Яғни, жылына жан басына шаққанда 1,54 ке­ліден айналады. Былтыр еліміз 107,8 млн долларға 30,7 мың тонна шай сатып алды. Оның көп бөлігін Кения (49,4 млн долларға 14,2 мың тон­на) мен Үндістаннан (31,6 млн долларға 10,5 мың тонна) импорттадық. Бізге шай жеткізуші елдердің үштігінде Ресей де бар. 2019 жылы көршіміз 3,7 мың тонна (20,5 млн доллар) тауарын өткізіпті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш – 2,4 мың тон­на болған. Демек, одақ­­тас­тың сау­дасы оңынан туып тұр. Айта кету керек, Ресей Қа­зақстанға шай импорттаушы мем­лекеттің алды болғанымен олар да біз секілді шикізатты сырт­тан сатып алады. Себебі ресей­ліктер әлемде шай ішуден төр­тінші (Үндістан, Қытай, Түр­кия) орында. Мемлекет жылына орта есеппен 165 мың тонна ши­кізат импорттайды. Ал өзіндегі өн­діріс (Краснодар шайы) ішкі тұтынудың 2%-на ғана тең. Қал­ған көлемді Үндістан, Шри-Ланка, Қытай, Кения, Жапония, Индонезия және Грузиядан та­сиды. Сондай-ақ біздің елге қара­ғанда Ресейде дистрибьютор-ком­паниялардың саны да, өнім­ді өңдеу қуаты да үлкен. Шетел­дер­ден келген шикізатты өңдеп, қап­тап, ары қарай ішкі-сыртқы на­рыққа саудалайды. Былтырғы импорт көлемінің (30,7 мың тонна) негізгі бөлігі (28,4 мың тон­на) Кения, Үндіс­тан, Ресейден кел­генін айттық. Шикізаттың қал­ғаны Қытайдан – 700 келі (1,7 млн доллар), Шри-Ланкадан – 600 келі (2,8 млн доллар) және Гру­зиядан 400 келі (174 мың дол­лар) жеткізіліпті. Еліміздегі шай саудасымен айналысатын компаниялар был­тыр 15,6 мың тонна шай мен кофе өңдеген. Бұл 2018 жылғы көр­сеткіштен 7,9%-ға төмен. Отан­дық өңдеу өнеркәсібінде көр­сет­кіштің азаюына себеп көп. Ең ал­ды­мен өнімнің бағасы қым­бат­тап жатыр. Өткен жылдың жел­тоқсан айындағы қорытынды есеп бо­йын­ша қазақстандықтар ор­таша көр­сеткішпен 1 келі шайға 3,1 мың теңге төлеген, бұл 2018 жылға қарағанда 7,1%-ға жо­­ғары. Ал жалпы 2003 жылы бір келі шай­дың бағасы 797 теңгеден болға­нын есепке алсақ, отандық тауар­дың құны көтерілген сайын тұ­тынушы арзан өнімге жүгіре­тіні сөзсіз. Бұл тұрғыда баға да бір­­келкі емес екенін байқауға бо­ла­ды. Мәселен, өткен жылы ірі қалалар ішінде жоғары баға Қара­ғанды, Алматы және Қостанайда тіркелсе, арзан шай – Орал, Көк­шетау мен Ақтөбеде сатылған.  

Қа­ла тұрғындары жылдан-жылға өсе түскен сайын, қоғамдық орын­да, кеңседе пакеттегі шай­ға тәуелді жандар саны да кө­беюде. Жалпы, пакет­тегі шай де­ге­ні­міз – шайдың тозаңынан, қал­­дық­тан жасала­тыны ешкімге құпия емес.

  Екіншіден, дүкен сөресінде шайдың түр-түрі бар. Тұтынушы тек таңдауды білсе болғаны. Осы тұрғыда мынадай бір қызықты дерек кездестірдік. Мәселен, 2018 жылы елімізде тұрғындардың 76%-ы шайды сапасына қарап таң­­даса, 53%-ы оның бағасына бай­ла­нысты сатып алатыны анық­­талған. Сондай-ақ 45% адам өнім­­нің мар­касын таңдаса, 14%-ы шық­­қан мемлекетіне, 8,5%-ы қап­­тамасына бола таңдау жасай­тынын айтқан. Әдетте, қазақ шай­қор халық, шай ішпесек, басы­мыз ауырады деп жатамыз. Мұ­ны ресми мәліметтер де растай­ды. Қа­зақстандықтар күніне 5-6 кесе шай (көбіне сүт қосқан) ішеді. Десек те, шай ішу­­дің, шай құйдың ешкімге ұқ­самай­тын қазақы дәстүрі кейінгі жыл­дары жоғалып бара жат­қа­ны жасырын емес. Себебі күнде­лік­ті өмірімізге пакеттегі шай, құты­дағы салқындатылған шай сусындары дендеп еніп кетті де, демдеп шай ішуді ұмыта бас­та­дық. Бір жағынан уақыттың да тап­шылығы әсер етуде. Бүгінде пакеттегі шайды білмейтін жан жоқ шығар. Кез келген ортада кеседегі қайнаған суға «бір рет­тік» өнімді салып, бояуын ішіп жүре бересіз. Оған сұраныстың өсуіне әлеуметтік жағдай мен ур­банизацияның да әсері бар. Қа­ла тұрғындары жылдан-жылға өсе түскен сайын, қоғамдық орын­да, кеңседе пакеттегі шай­ға тәуелді жандар саны да кө­беюде. Жалпы, пакеттегі шай де­ге­німіз – шайдың тозаңынан, қал­­дық­тан жасалатыны ешкімге құпия емес. Шай саудасы мен өн­­ді­рісінің басында тұрған Қытай мен Үндістан бұл қалдықтарды өз­дері тұтынбайды, оны ақшаға құнық­қан шай өндірушілер арзан бағада сатып алып, өзге елдерге (мысалы, ТМД) қаппен үлкен кө­­лемде жеткізеді. Мәселен, 10 ке­лі шай тозаңының құны 10 дол­лар мөлшерінде ғана. Әйтсе де, қал­дықтың аты қалдық, шай­дың тозаңы өздігінен қою шай­дың түсін бере қоймайтыны анық. Сон­дықтан өндірісте оған қосым­ша бояғыш заттар қосылады. Ал пакеттің желімі мен қағазының дәмі шығып кетпеу үшін оны хош иістендіреді. Мамандар шайдың сақталу мерзімі 3 жыл деп жатады. Тұрып қалған шайдың құрамында ағзаға қауіпті афлатоксин (улы зат) болады. Сондықтан шай саудасы, пакеттегі шайдың сапа­сының өзі түбегейлі медициналық сараптамалар жүргізуді қажет ете­тін жайт. Әлемдік сарапшылар алдағы онжылдықта шай өндірісі мен тұ­тыну көрсеткіші арта түседі деп бол­жайды, оған себеп да­му­шы елдерде сұраныс өседі. Ал БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл ша­руашылығы ұйымы ха­лық саны көп Қытай, Үндістан се­кіл­ді мемлекеттердің кірісінің кө­беюі мен шай түрлерінің (қара шай, көк шай, шөптен және же­містен жасалғаны) дамуымен бай­ланыстырады. Яғни, алдағы 10 жыл ішінде қара шай өндірісі жыл сайын 2,2%-ға, көк шай – 7,5-ға артады. Демек, шай экс­порт­таушы елдердің айы оңынан туғалы тұр. Дүниежүзі бойынша шай өндірісінде (37,8%) Қытай көш бастайды, одан кейінгі орында Үндістан (23%) мен Кения (8,8) мемлекеті. ҚХР мен Үндістанның ішкі тұтынуы (халық санына байланысты) жоғары болғандықтан, әлемдік экспортта алғашқы орынға көбінесе Кения шығып кетеді. Әйтсе де, биыл Африканың шығысындағы жері шұрайлы мемлекеттерді шегіртке басып жатқаны белгілі. Осыған байланысты Кенияның шай, кофе экспорты бәсеңдеуі ғажап емес. Бұл қазақстандық импорттың үштігінде тұрған Үндістан мен Ресейге үлкен мүмкіндік.    width=Бауыржан БАЗАР