7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
фото: tengrinews.kz
4,545
оқылды
«Қазгидромет» РМК 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне Жерорта теңізінен келетін циклон әсер етеді, онымен жаяу бұрқасын, қар күтіледі. 9 ақпанда шығыста қатты қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде – тұман, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында көктайғақ болжанады. Еуропа аудандарынан келетін антициклоны әсерінен ауа температурасының түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін, солтүстікте 20-28-ге дейін, орталықта 15-26 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Күндіз батыста температура 7-12-ге дейін, солтүстікте 15-20-ға дейін, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін төмендеуі ықтимал.