Доллар бағамы 0,91 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,91 теңгеге төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,91 теңгеге төмендеп, 1 доллар 457,70 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 458,69 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу – 463 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 457,5 теңгеден болса, сатып алу – 460,5 Ресей рублі 6,25 – 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.