Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті

Түркияда қаза тапқандар саны 912 адамға жетті

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 912 адамға жетті, – деп хабарлайды Halyq Uni. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді.

– Жер сілкінісінен 912 отандасымыз қаза тапты, 5 385 отандасымыз жарақат алды. Үйінді астынан 2 470 адам құтқарылды. 2 818 ғимарат қирады, – деді Ердоған.
Ердоған 45 елдің көмек ұсынғанын айтты. Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Сондай-ақ жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады. Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.