Танысқан қыздарын ақша аударуға пайдаланған 30 жастағы қызылордалық жігіт ұсталды
Танысқан қыздарын ақша аударуға пайдаланған 30 жастағы қызылордалық жігіт ұсталды
Фото: pixabay.com
Атыраулық полицейлер елордалық әріптестерімен бірлесіп, Қызылорданың 30 жастағы тумасын ұстады, – деп хабарлады «Мой город» порталы. Атырау облысы полиция департаменті хабарлағандай, ер адам интернетте көлік сату туралы жалған хабарламалар жариялаған. Ауқатты сатып алушылардан ол алдын ала ақшаның бір бөлігін жіберуді сұраған.  Жәбірленушінің ақшасын алаяқ жігіт өзі әлеуметтік желіде танысқан қыздарға аудартқан. Кейін қаражатты кездейсоқ адамдарға аударуды сұраған. Ұсталған жігіттің әзірге осындай ондаған фактіге қатысы бар екені анықталды. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары алданып қалған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адам елордада қамауда отыр.