Ақтөбеден Бакуге ұшқан Qaqaq Air ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

Ақтөбеден Бакуге ұшқан Qaqaq Air ұшағы шұғыл түрде Атырауға қонды

Ұшақ Ақтөбеден Бакуге ұшқан. Атырауға шұғыл түрде қондырылды.

«Ішінде 37 жолаушы бар ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен 19:21-де (Атырау уақытымен 18:21) қонды. Ұшақ жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан қондырылды. Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын жердегі әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем алып кетті», – деп хабарлады әуе компаниясы.
Қазіргі уақытта оның өміріне төнген қауіп жоқ.
«Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді», – деп толықтырды әуе компаниясы.