Алматыда дәрігерлер 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш шығарды
Алматыда дәрігерлер 11 жастағы қыздың асқазанынан бір келі шаш шығарды
237
оқылды
Алматыда 11 жастағы қыз балаға шұғыл ота жасалды. Оныңасқазанында шаш жиналған болып шықты. Жасөспірім шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
"Баланы бір апта бойы іш ауруы, құсу, тәбетінің болмауы, жалпы әлсіздік мазалаған. Ауруханаға жатқызар алдында қыз асқазан-ішек жолдарының бұзылуына байланысты амбулаторлық ем алды", - дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының іріңді және кеуде хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Саматбек Мырзахмет.
Ультрадыбыстық зерттеу көмегімен дәрігерлер асқазан көп мөлшерде эхо-теріс түзілімге толып қалғанын білген. Асқазанда көптеген гетероген бөлшектер, шаш өрімі және шырыштан тұратын лас қара түсті бөгде дене анықталған.
"Асқазан қуысында үлкен көлемдегі тығыз түзіліс табылды және жойылды: салмағы 1 келі бөгде дене (трихобезоар)", - деді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының балалар хирургі Сәуле Сүлейманова.