Алматыда «барахолка» базарынан өрт шықты
Алматыда «барахолка» базарынан өрт шықты
300
оқылды
Алматыда "Сәлем" базарында екіқабатты контейнерлер отқа оранды.  6 ақпанда сағат 21:09 уақытында Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары шақырту орны – Жетісу ауданы, Бөкейханов көшесі, 508а мекенжайына аттанды. Алғашқы өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 3 минутта келіп жетіп, «Сәлем» базарында екіқабатты контейнерлерінің отқа оранғанын анықтады. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған алаң 120 шаршы метрді құрайды.
«Сағат 21:42-де өрт оқшауланды, оттың өзге контейнерлерге ұласпасы үшін алдын ала шаралар қабылданды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – деді Алматы қаласы ТЖМ баспасөз қызметі.