Қарағандыда екі жасар сәби бірнеше магнит жұтып қойған
Қарағандыда екі жасар сәби бірнеше магнит жұтып қойған
261
оқылды
Қарағандылық дәрігерлер бірнеше магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды. Екі жасар сәбидің ішек-құрылысынан бөгде заттарды алып тастау үшін операция жасалды, – деп хабарлайды Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы. 4 ақпан күні облыстық балалар ауруханасына 2 жасар бала түсті. Ол іші ауырып, құсқысы келетінін айтқан. Қабылдау бөлімінде іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы жасалып, асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар (магниттер) бар екені анықталды.
«Тез арада балаға операция жасалды. Операция кезінде ішек перфорациясының (жарылып кетуі) аймақтары анықталды. Бөгде заттың металл магниттер екені белгілі болды, барлығы 11 дана болып шықты. Операция 1,5 - 2 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында.