Экология тәртібін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі 10 есе артады
Экология тәртібін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі 10 есе артады
© сурет интернеттен алынды
196
оқылды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін бұзғандарға салынатын әкімшілік айыппұл 10 есеге артатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Талдау көрсеткендей, табиғат пайдаланушылардың негізгі заң бұзушылықтары жүйелі негізде жасалады. Көбінесе оларға тазарту жабдықтарын енгізуден және қоршаған ортаға әсерді азайтудан гөрі, айыппұл төлеу тиімдірек. Ілеспе заң жобасының аясында қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 10 есеге артады. Қайта бұзылған жағдайда – 20 есеге көбейеді», - деді Мәжілісте жаңа Экологиялық кодекс жобасын таныстырған министр. Оның сөзіне қарағанда, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге қойылатын талаптарды бұзғаны үшін санкцияларды қатаңдату көзделуде.