Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты
Фото: polisia.kz
294
оқылды
Жол апатынан зардап шеккендер арасында 7 жасар қыз бар. Бұл туралы Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 6 ақпанда  Павлодар-Қызылорда автожолының 244-шақырымында, Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.   [caption id="attachment_239437" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: polisia.kz[/caption] Павлодар тұрғындары – Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-тің өзге екі жолаушысы – 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.