Жұлдыз Жұманқызы: Жаңару – бұл жастардың ісі

Жұлдыз Жұманқызы: Жаңару – бұл жастардың ісі

Бірмандаттық округ бойынша «AMANAT» партиясынан үміткер Жұлдыз Жұманқызы кезектен тыс XXV съезде сөйлеген сөзінде алдағы Парламент сайлауына қатысудағы мақсаты жайлы айтты.

«Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт» деген қағида бар. Менің мақсатым –  өзгерісті өзіміздің ауылдан, өзіміздің ауданнан бастау. Өз ауданымда қолайлы орта қалыптастыру, оны көркейтуге, дамуына үлес қосу. Күнделікті қоғамдық саяси өмірде әйел заты ер азаматтармен тең дәрежеде еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Бұлардың барлығы біздің Әділетті қоғам құру жолындағы бастамаларымыздың бірі деп білемін. Жаңару – бұл жастардың ісі. Өзіміз үлгі еткен Домалақ ана сияқты асыл әжелеріміздің ізін жалғап, еліміздің уығын тіктеп, керегесін нығайтуға ат салысу біздің бәріміздің азаматтық борышымыз!», –  деді ол.