Саламат Идрисов: Партияға жаңа леп, жаңа күш, жаңа бағыт келгенін көрдім
Саламат Идрисов: Партияға жаңа леп, жаңа күш, жаңа бағыт келгенін көрдім
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры,  «AMANAT» партиясы XXV съезінің делегаты  Саламат Идрисов қоғамда өзгеріс жасау үшін партия үлес қосуы керегін айтты.   Бүгін «AMANAT» партиясының XXV съезіне Атырау облысының делегациясы құрамында және Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау университетінің «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы ретінде қатыстым. Партия съезінде еліміздегі, қазақстандық қоғамдағы өзгерістерге партияның үлес қосуы және тек үлес қосып  қоймай, сол өзгерістерді іске асыратын партияластардың басын құрады. Елімізде жаңа саяси науқан басталды. Елде басталған өзгерістерге саяси партиялар атсалысатыны сөзсіз. Елдегі ең әлеуетті партия «AMANAT» партиясы екенін бәріміз білеміз. Бұл билік партиясы болғандықтан емес, қазіргі кезде партияның жаңа өзгерістерін, партия саясатының мемлекеттік саясатпен үндестігіне байланысты деп ойлаймын. Бүгінгі съезд өзгеше форматта өткенін атап өтер едім. Шын мәнінде, партияға жаңа леп, жаңа күш, жаңа бағыт келгенін көрдім. Күн тәртібінде партияның саяси кеңесі  құрамына өзгеріс енгізу, алдағы сайлауда депутаттықта үміткер партиялық тізіммен және бірмандаттық округтер бойынша кандидаттарды бекіту, ең маңыздысы партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау болды. Білім саласында жұмыс істейтіндіктен, оның үстіне қазір университеттің басшысы ретінде білім саласы бойынша сөйлеген спикерлердің сөздері қатты ынталандырды. Көпшілікке таныстыруды қажет етпейтін Асхат Аймағамбетовтің білім жайындағы сөздері дана халқымыздың «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөзінің әлі де өзектілігін дәлелдеді. Жаны елім деп соққан әр қазақ білетін «Көк Тудың желбірегені» әнінің авторы  Алмасбек Ахметбекұлының сөзі әрбіріміздің көкейіміздегі ойды жеткізді дер едім. Бүгінгі жаһандану жағдайында шекарамызды бекітсек те, жан дүниеміздің шекарасы ашық қалғанын айтуы ойландырды. Біз еліміздің егемендігін нық сақтап қалу үшін рухани жан дүниеміздің берік болуын, рухани тұтастық қана ел тұтастығына кепіл боларын тағы да дәлелдеді. Съезде жаңа Қазақстан үшін еңбек ететін жастардың сөздері 100 мыңнан асатын жас аманаттықтардың қатарындағы елім деген жаңа күштің барына сенім білдірді. Өмір сынағынан сүрінбей өткен паралимпиада жеңімпазы Серік Исматовтың сөзі қанша қиындыққа кезіксең де жігеріңді мұқатпаудың мәнін жеткізе білді. Съездің күн тәртібіне сай партиялық тізім бойынша және бірмандаттық округтер бойынша заңнамалық талаптарға сай кандидаттар тізімі бекітілді. Алдағы сайлау науқанында кандидаттар жаңаша дамуға бет алған Қазақ елі үшін  "бір мақсат– бір мүдде" деп аянбай етеді деген сенім бар. Партия Төрағасы Ерлан Қошановтың партия қоғаммен, халықпен бірге өзгергенін атап өткеніндей, бүгінгі күн партия мүшелері қоғамның қозғаушы күшіне айналды.  Біз, өңірдегі партия мүшелері, бүгінгі үлкен жиындағы барлық көңіл күй мен жаңалықтарды өз өңірлерімізге жеткізетін боламыз. "Күш – бірлікте" дегендей,  халықтың ахуалы, елдің дамуы үшін бірлесе және жауапкершілікпен жұмыс істеуге дайынбыз. Қарапайым қазақстандықтардың ұсыныстары мен мұң-мұқтажынан құралған сайлауалды бағдарламасы қоғамды және әр адамның жағдайын жақсартуды көздейді. Үміт. Сенім. Тәуекел. Осы мән-мағынасы терең сөздерге негізделген партияның жаңа сайлауалды бағдарламасы сайлау науқанына ғана емес, жалпы дамуға тірек болады деп ойлаймын.