Түркістан облысында аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Түркістан облысында аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Фото: 24.kz
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде. Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны «үйқамақ» бұлтартпау шарасы бойынша санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.