Талдықорғанда әкесін өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды
Талдықорғанда әкесін өлтірді деген күдікпен 18 жастағы жігіт ұсталды
Фото: altgazeta.ru
Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғыны әкесінің өліміне күдікті деп танылды,  – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
«6 ақпанда "Көктал" шағынауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылды. Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы оны асүй табасымен ұрып өлтірген», делінген хабарламада.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
«ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес, күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», делінген хабарламада.